Тоқаев алматылықтардан сабыр сақтауды сұрады
Сурет: primeminister.kz
Сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы тұрғындары мен қонақтарына сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы 2024 жылғы 25 қаңтарда сөйлеген сөзінде нағыз алматылықтар қашанда парасаттылығымен және сабырлығымен ерекшеленетінін нақтылады.
"Сабыр сақтаңыздар және әр нәрсеге байыппен қараңыздар. Дүрбелеңге салынып, түрлі қауесет пен жалған ақпаратты қасақана тарататын арандатушылар мен жауапсыз адамдардың жетегіне еріп кетпеңіздер." Қасым-Жомарт Тоқаев
Сөзін жалғастыра отырып, президент қала тұрғындарын биліктің назарында деп сендірді.
"Нағыз алматылықтар әрқашан ақыл-парасатымен және ұстамдылығымен ерекшеленген. Ел басшылығы сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Оған күмән болмасын. Алматылықтардың талап-тілегі әрдайым біздің басты назарымызда", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев 24 қаңтарда Алматыға жұмыс сапарымен келді. Келесі күні футбол орталығында болып, қаладағы су құбырларының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript