Павлодарлықтардан сабыр сақтауды сұрады
Сурет: unsplash
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті маңызды мәлімдеме жасады. Құтқарушылар тұрғындардан қорықпауды және 2024 жылдың 8 ақпанында сабыр сақтауды сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл үндеуімізге "Көктем-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының өтуі себеп болып отыр.
"Кұрметті Павлодар каласының тұрғындары, Павлодар облысынын Төтенше жағдайлар департаменті "Көктем-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу шеңберінде 2024 жылдың 08 ақпанда, сағат 12.55-те электродабыл арқылы дыбыс дабылын беру көмегімен қала тұрғындарының құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізеді." Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Бұл дыбысты дабыл тұрғындар үшін "Барлығының Назарына!" дегенді білдіреді.
"Бұл дабыл түскен уақытта, тұрғындар теле – радио қабылдағыштарын косып ықтимал немесе туындаған табиғи және техногендік сипатттағы төтенше жағдайлар туралы сонымен қатар басқа да маңызды ақпаратты тыңдау қажет." Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Облыс тұрғындарынан үрей тудырмай сабырлык сақтауын сұраймыз.
Оқи отырыңыз
Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript