Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Бас прокуратура мен Антикорға Алматыда ескерту жүйесінің неге жұмыс істемегенін анықтауды тапсырды

Тоқаев Бас прокуратура мен Антикорға Алматыда ескерту жүйесінің неге жұмыс істемегенін анықтауды тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2024 16:25 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25 қаңтарда Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңесте күшті жер сілкіністерін алдын ала ескерту жүйесі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, 2021 жылы жеті министрліктің бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасының 2021-2023 жылдарға арналған сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені бекітілді. 


"Басқа да міндеттерді қоса алғанда, бұл құжатта Алматы қаласы үшін жойқын жер сілкіністері туралы автоматтандырылған ерте хабарлау жүйесін енгізу көзделген еді. Әдеттегідей, берілген есепте бәрі дұрыс. Осы мақсаттарға бөлінген қомақты қаражат игерілген, нысандарды қабылдап алу актісіне қол қойылған. Бас прокуратураға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, осы мәселемен айналысуды және бір айдың ішінде қаражаттың қайда жұмсалғанын, дабыл жүйесінің неге жұмыс істемегенін анықтауды тапсырамын. Соған қарағанда, бүкіл елімізде өткізілген 27 мың сейсмикалық жаттығу мен 2,5 мың семинардың да түк пайдасы болмады". Мемлекет басшысы

Бұған дейін мемлекет басшысы Алматының азаматтық қорғау жүйесі жер сілкінісіне дайын еместігін, құзырлы органдар табиғаттың сынағынан өтпегенін айтқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде не маңызды екенін де айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: