Тоқаев Алматыдағы күшті жер сілкінісінен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысын сынға алды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңесте Төтенше жағдайлар министрлігі басшысына Алматыдағы күшті жер сілкінісінен кейін ведомствоның жұмысын сыни тұрғыдан қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне оның қызметін сыни тұрғыдан қайта қарау міндетін қойды.
Мемлекет басшысы министр Сырым Шәріпхановтың аталған сала маманы ретінде теориялық білімі бар екенін, бірақ нақты іске келгенде жұмысының нәтижесі көрінбей жатқанын айтты.
"Қазіргі жұмысты көңілден шығады деп айтуға келмейді. Министр Шәріпхановқа ескертемін. Егер сіз өз жұмысыңызды ауыр санайтын болсаңыз, ашығын айтыңыз, ғылыми-оқытушылық қызметіңізге қайтарамыз. Онда тұрған ештеңе жоқ. Қазіргі ахуал өте күрделі және жауапты, еліміздің қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Сондықтан бәріміз жинақы, ұқыпты және белсенді болуымыз қажет. Басқа жол жоқ", – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі бүгін айтылған барлық мәселені бақылауда ұстайтынын айтты. Бұл жағдайда әрбір адам жауапкершілікті, байсалдылық пен белсенділік таныту керектігімен түйіндеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript