Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Алматыдағы өрт қауіпсіздігінің жағдайын сынға алды

Президент жұмыс сапарымен Алматыға келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2023 16:44 Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 18 тамызда Алматы қаласын дамытуға арналған кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астананы дамытудың негізгі мәселелерін шешу жүйелі шаралар қабылдауды қажет ететінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың ақпаратында Мемлекет басшысы таяуда "Ақкент" ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде болған өртті мысалға келтіріп, өрт қауіпсіздігі саласындағы ахуалды сынға алды.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев келесі мәселелерді тапсырды:

  • Төтенше жағдайлар министрлігіне өрт кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік шаралары жөнінде халықтың сауатын арттыру үшін жаппай оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыруды тапсырды.
  • Қала әкімдігіне өртке қарсы күрес қызметінің материалдық-техникалық базасын күшейту үшін пәрменді шаралар қабылдау міндеті жүктелді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен 2023 жылғы 18 тамызда келді. Сапар аясында мемлекет басшысы қаланың гидротехникалық инфрақұрылымымен танысты, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, сондай-ақ үкімет өкілдерінің қатысуымен Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жұмыс сапары 2023 жылдың 1 маусымында пайдалануға берілген Аюсай селді ұстайтын бөгетті аралаудан басталды. Аюсай бөгетінің жанында президентке 31 цифрлық өлшеу стансасын құру бойынша пилоттық жоба ұсынылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: