Тоқаев елімізде цифрлық заманның креативті қоғамын қалай қалыптастыру керектігін айтты
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 маусымда Қазақстандағы цифрлық трансформация жаңа идеялар мен ойлау тәсілдерін қажет ететінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адами капитал шешуші рөл атқаратыны бәрімізге мәлім екенін, бірақ цифрлық трансформацияға кедергі келтіретін де осы адами фактор болып табылатынын атап өтті.
"Цифрлық үдерістерді басқару үшін цифрлық сауаттылыққа және білімге баса мән беруіміз қажет екенін түсінуге тиіспіз. Түпкі мақсат – цифрлық өсімге бағдарланған креативті қоғам қалыптастыру. Біздің адамдар жаңа идеяларды қабылдауға, жаңаша ойлау мен жаңа нәрсе ойлап табуға бейімделуі керек". Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ, Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қазақстанның қолайсыз сыртқы жағдайларға оңтайлы бейімделгенін, цифрлық трансформация бойынша жасалатын қадамдарды белгілеп үлгергенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript