Алматыда заңсыз жүрген Нигерия азаматтары елден шығарылды

Алматыда заңсыз жүрген Нигерия азаматтары елден шығарылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2024 10:37 Сурет: ҚР ІІМ
Бұл жолы Алматының көші-қон қызметі Нигерияның 9 азаматын әуе көлігімен тасымалдауды ұйымдастырды.
"Бұлар Қазақстанда жүрген кезінде көші-қон заңнамасын бұзған, атап айтқанда, заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған. Бұл азаматтар соттың шешімімен мемлекетімізден шығарылған болаитын. Айта кетейік, бұл іс-шара бірнеше кезеңнен тұрады", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 19 азаматы өз елдеріне қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: