Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда полицейлер арнайы операция жүргізді

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2024 16:08 Сурет: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері Әуезов ауданында жүргізген арнайы іс-шара барысында жас алматылықтан "мефедрон" есірткі затын тәркіледі.

Г.есімді азамат есірткі заттарын бетбелгі қою арқылы заңсыз сақтағаны және таратқаны үшін күдікті. Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні өзі пайдалану үшін әлеуметтік желі арқылы сатып алған.

"Күдіктінің жеке басын тінту кезінде оның іш киімінен ақ изолентаға оралған, ішінде ұнтақ тәрізді зат бар полиэтилен бума табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық психотроптық "мефедрон" есірткісі болып шықты. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", – деді есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: