Жапонияда 50 жыл бойы іздестіріліп келген қылмыскер ауруханада қайтыс болды
Сурет: pixabay
Емханаға түскен 70 жастағы жапон азаматы өзін қылмыскер Сатоси Киришима деп таныстырды. Ер адам асқазан қатерлі ісігінің соңғы сатысына шалдыққан және ол күндерін өз атымен аяқтағысы келетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
NHK арнасының хабарлауынша, Киришима радикалды солшыл "Шығыс Азия қарулы антижапондық майданы" ұйымы жасаған терактілерге қатысқаны үшін 50 жыл бойы сәтсіз іздестіріліп келген. Ол 1975 жылы сәуірде Токионың орталығындағы Кореяның индустриялық-экономикалық институтында бомба қойып, жарылыс жасады деген күдікке ілінді.
NHK арнасының хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең Киришиманың қайтыс болғаны белгілі болды. Полиция бұл шынымен Сатоси Киришима болу ықтималдығы жоғары деп санайды. Полиция қызметкерлері оның жеке басын растау үшін ДНК сараптамасын жүргізіп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript