Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жұмыс аптасына арналған ауа райы: қар жауып, тұман түседі

Алматыда қар жауып, тұман түседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2024 10:54 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Zakon.kz сайтына оңтүстік астана тұрғындары үшін қаңтардың соңғы күндері мен ақпан айының басына арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, алматылықтар үшін жұмыс аптасының бірінші күні тұман мен жауын-шашынмен басталады.

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші синоптикі Дәулет Қисебаев 2024 жылдың 29 қаңтары мен 2 ақпаны аралығындағы қаладағы ауа райы туралы айтты. Өтіп бара жатқан қаңтардың күндері қарлы ауа райында өтіп, таңертең тұман қалыңдайды. Түнде ауа температурасы -9°C дейін төмендейді.

29 қаңтар: көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Кейде тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз 0°C шамасында.

30 қаңтар: көшпелі бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз 0+2°C.

31 қаңтар – 1 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз 0-2°С.

2 ақпан: көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз -2-4°С.

Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарға бірқатар өңірлерде тұман түсіп, желдің екпіні күшейетінін ескерткен болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: