Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда аспалы көпір апатты нысанға айналды

Таразда аспалы көпір апатты нысанға айналды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2024 15:21 Сурет: pixabay
Таразда 20 жылдан бері жөндеу көрмеген көпір құлағалы тұр. Осылай деген тұрғындар шаһар шетіндегі аспалы өткелге құрылыс жұмыстарын жүргізу керек дейді. Бүгінде бетоны бүлініп, қоршаулары қираған.

Салдарынан былтыр биіктен жеңіл автокөлік аударылған. Ұзындығы 100 метрден асатын көпір Тараз бағытындағы төте жол ретінде қолданылады.

Шөлдала мен Құмшағал ауылдарын облыс орталығымен жалғап жатыр. Айналма жолмен салыстырғанда қашықтықты 4 шақырымға қысқартады, деп жазады qazaqstan.tv.

Көпір қауіпті болса да тұрғындар күнде жүруге мәжбүр. "Қараусыз қалдырды!" деп қала әкімдігіне өкпелі.

Ал әкімдік көпірді 20 жыл бұрын апатты деп тапқан. Дегенмен қатынау өткелі қала билігінің балансында болмай шықты. Кеңестік кезеңде шағал шығаратын зауыт иелік еткен. Тоқырау жылдарында өндіріс тоқтаған соң, қараусыз қалады.

Енді ауада қалқыған аспалы көпірді ешкім есебіне алғысы жоқ. Әкімдік көпір экономикалық тұрғыда тиімсіз деп, жөндегісі жоқ. Керісінше көпірден өткендерге алда айыппұл салуды көздеп отыр.

"Көпірдің үстіне шектеу белгілері қойылған. Ол жерден техникалық құралдардың өтуіне тыйым салынған. Көпірді жауып тастайық десек оны жалпы малды айдап өтетін қауіпсіз жол болып тұр. Тиімсіз болғандықтан біз оны алдағы уақытта жөндеуді жоспарлап отырған жоқпыз." Қайрат Исмаил, Тараз қаласы әкімінің орынбасары
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: