29 қаңтардағы түскі саудада доллардың өсуі жалғасуда

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2024 16:07 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,20 теңгеге қымбаттап, 449,90 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,60 теңгені (+0,16) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 487,7 теңге, рубльді 5,03 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449-450,9 теңгеге, еуро 488-491 теңгеге, ресей рублі 4,93-5,03 теңгеге сатылуда.

Ал 29 қаңтардағы аукционда әлемдік баға көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында сәуірдегі Brent фьючерстерінің құны 0,35%-ға өсіп, барреліне $83,24 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,33%-ға өсіп, барреліне 78,27 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: