14 қаңтардағы түскі саудада доллардың құлдырауы жалғасуда
Басқа валюталар саудаланбады.
Кешегі кешкі сауданың қорытындысы бойынша еуро бағамы 503,65 теңге болды.
Ұлттық банк еуро бағамын 504,09 теңге, рубльді – 6,74 теңге, қытай юанін – 68,12 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 461,5-465 теңге, еуро 501-505 теңге, ресей рублі 6,45-6,7 теңге аралығында сатылуда.
Ал, 24 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,16%-ға арзандап, барреліне 88,05 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада наурыз айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,02%-ға арзандап, барреліне 81,60 долларды құрады.