Алматыдағы көлік қозғалысы екі күнге шектеледі
Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің берген мәліметіне сай, 1-2 ақпанында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей үкімет басшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді.
Сонымен қатар, Алматы дәстүрлі түрде жыл сайынғы Digital Almaty форумын өткізетін орын болып табылады.
ЕМПС халықаралық форматы мен "Digital Almaty 2024: Индустрия X" форумы саяси және қоғам қайраткерлерінің, түрлі елдердегі сарапшылық топтардың жетекші өкілдерінің және IT бизнес көшбасшыларының қатысуын қарастырады.
Осыған орай, шараның ауқымы мен күтілетін қонақтардың санын ескере отырып, Алматы полиция Департаменті 1-2 ақпанда көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылатынын хабарлайды:
- 1 ақпанда Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ, Құлжа тас жолы, Саин, Шаляпин, Майлин, Бұқтырма көшелерінің аймағында түзетулер болуы мүмкін.
- 2 ақпан – Әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдары, Саин, Жароков, Шаляпин көшелерінде.
Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктердің жұмысына әсер етпейді.
"Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз." Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі