Бұрынғы Мәдениет вице-министрі Жүргенов атындағы академияның ректоры болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры лауазымдық қызметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы тағайындалды.
Академия ұжымына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы Ербол Әлиқұлов таныстырды.
Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
Еңбек жолын:
- 2006 жылы "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.
- 2009-2011 ж.ж. — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы.
- 2011-2013 ж.ж. — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" РММ оқытушысы, аға оқытушысы.
- 2013-2018 ж.ж. — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" РММ бас дирижері.
- 2018-2023 ж.ж. — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.
- 2023-2024 ж.ж 30 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі болып қызмет атқарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript