Қазақстандық полицейлер түрік әріптестерімен бірге 8 қылмыскерді ұстады
Сурет: ҚР ІІМ
Қазақстанның ІІМ қызметкерлері түрік әріптестерімен бірге жыл басынан бері алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны, қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген сегіз қылмыскерді Түркияда ұстады.
Сонымен қатар қаңтар айында ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерімен іздеуде жүрген 237 қылмыскер ұсталып, хабар-ошарсыз кеткен 150 адам табылды.
Мәселен, 27 қаңтарда Көкшетауда полиция қызметкерлері 1998 жылдан бері бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 55 жастағы ер адамды құрықтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript