Ернұр Өтегенов Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
Бұл туралы ҚР Үкіметінің Telegram-арнасындағы хабарламада белгілі болды.
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ернұр Сапарұлы Өтегенов ведомствоның аппарат басшысы қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Ернұр Өтегенов 1978 жылы 23 маусымда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Талдыапан ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын Казталов ауданы No15 өрт сөндіру бекетінде өрттің алдын алу тобының инспекторы болып бастаған. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітірген.
2002-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2011-2012 жылдары - Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, 2012-2019 жылдары - Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2019 жылдың ақпан айынан бастап Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.