Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы жер сілкінісі: үйлер құласа, кім жауап береді

Алматыдағы жер сілкінісі: үйлер құласа, кім жауап береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2024 16:30 Сурет: Zakon.kz
Ақпанның 1-і күні Сенат отырысында журналистер индустрия және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшиннен Алматыдағы сапасыз салынған үйлер келесі жер сілкінісіне төтеп бере алмаса, ғимараттардың опырылуына кім жауапты болуы керектігін сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министр жедел әрекет ету және үйлерді тексеру шаралары күшейтілетініне уәде берді. Депутаттар мұны қолдап отыр. Ол Алматыдағы ғимараттардың соңғы жер сілкінісінен ауыр зардапсыз аман қалғанын айтты.


"Төрт-бес балл болды, үйлер қазір қалыпты. Жобаның сапасы үшін негізгі жауапкершілік жобалаушыда. Біріншіден, құрылыс сапасы сапалы жобаға байланысты.Екіншіден, мұндай оқиғаларға белгілі бір объектілерге сараптама жүргізген сарапшылар жауапты. Үшіншіден, жауапкершілікті құрылысшылар (әзірлеушілер – редактордың ескертпесі) көтеруі керек.Сондықтан құрылысшыларымыз ғимарат салған кезде жобаны берік ұстанып, дұрыс әрі сапалы құрылыспен айналысуы керек". Тимур Қарағойшин

23 қаңтарда өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев қаладағы барлық нысандарда жер сілкінісінен кейін болуы мүмкін жарықтар бар-жоғы тексеріліп жатқанын айтты.

Жақында Алматыда болған жер сілкінісі кейбір қала тұрғындарын баспана ауыстыру, тіпті басқа қалаға көшу туралы ойлануға мәжбүр етті. Zakon.kz мамандармен тілдесіп, жақын арада оңтүстік астанадағы жылжымайтын мүлік бағасының қандай да бір өзгеріске ұшырауын күтуге болатынын білді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: