Түркістан облысында түз тағысы малшыларға маза бермей жатыр
Сурет: Zakon.kz
Түз тағылары малшы ауылдарға маза бермей тұр. Топтасқан жыртқыштар Отырар ауданындағы елдімекендердің жайылымда жүрген төрт түлігіне шапқан.
"Сырдария өзенінің жағасынан күн сайын малдың өлексесін тауып алып жатырмыз", - дейді ауыл тұрғындары.
Қыстақтардағы малшылар да түз тағыларының жылқылар мен ірі қараларға ауыз сала бастағанын айтады. Жергілікті халық аш бөрілер мен шибөрілерді өздігінше ата алмай отыр.
Себебі олардың жүретін аумағы "Сырдария-Түркістан" ұлттық паркіне қарайды, деп жазады qazaqstan.tv.
Онда оқ атуға тыйым салынған. Көкжалмен күресуге шамасы жетпеген шаруалар енді жергілікті биліктен көмек сұрап отыр.
Қазір ауданда осы жағдайға байланысты арнайы штаб құрылып, жыртқыштарды атуға рұқсат алу мәселесі қаралып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript