Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 3 млн теңгенің алтындарын иемденген күдікті құрықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2024 10:47 Сурет: ҚР ІІМ
Елордада сатушыны алдап, 3 млн теңгенің алтындарын жымқырған күдікті құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық полицияға алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкер арызбен жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған.

Жәбірленушінің айтуынша, клиенттерінің бірі оның бутигінен 3 миллион теңгеге тауар алып, ақшасын төлемей, алдап кеткен.

Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында анықталғандай, әйел жәбірленушіден бірнеше рет үлкен сомада алтын бұйымдар сатып алып жүрген.

Осылайша сатушының сеніміне кірген алаяқ кезекті саудасын жасауға келіп, тауарды қарызға алып кеткен. Қаскүнем ақшаны қысқа мерзімде әкеліп беремін деген уәде беріп, келесі күні әртүрлі сылтау айтып, уәдесін орындамай хабарсыз кеткен.

Алаяққа алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйелдің елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: