"7-20-25" бағдарламасы бойынша қазақстандықтарға қанша несие берілді

«7-20-25» бағдарламасы аясында 71 952 қарыз берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2024 15:13 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банкі бүгін, 2024 жылғы 5 ақпанда "7-20-25" ипотекалық тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы туралы есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сәйкес, "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 2024 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 978, 4 млрд теңгеге 71 952 қарыз берілді.

Ұлттық банктің мәліметінше, бағдарлама бойынша ең көп несие елордада және республиканың екі ірі мегаполисінде берілген:

  • Астана – 408,5 млрд теңгеге 25 925 несие;
  • Алматы – 225,9 млрд теңгеге 14 542 несие;
  • Шымкент – 66,7 млрд теңгеге 5374 несие.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Ұлттық банкі 2024 жылға арналған "7-20-25" бағдарламасының бюджетін анықтады. Ақша-кредит реттеушісі тиісті қаулыны 2023 жылғы 25 желтоқсанда қабылдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: