Шымкентте сейсмологиялық тексеріске бөлінген 250 млн теңгені жымқырған
Сурет: Zakon.kz
Шымкентте тұрғын үй басқармасының басшысы ұсталды. Оған көпқабатты тұрғын үйлердің сейсмологиялық жағдайын тексеруге бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр.
Прокурорлық тексеріс барысында салада мемлекеттік сатып алу талаптарының өрескел бұзылғаны анықталған.
Басқарма қызметкерлері 250 миллион теңгені мүдделес серіктестіктерге бір көзден берген. Тапсырыс бойынша бұл қаржыға шаһардағы 200-ге тарта көпқабатты үйдің зілзалаға шыдамдылығы тексерілуі керек болған, деп жазады qazaqstan.tv.
Алайда бұл қағаз жүзінде ғана орындалып, баспаналар сынақтан өткізілмеген болып шықты.
"Бізде мекемелер қайта тексеру жүргізіп, өткен жылғы жұмыстардың бәрі формально екені анықталды. Ол бойынша басқарма басшысынан басқа жеңімпаз болған, өзімен сыбайлас ЖШС-тердің басшылары да жауапқа тартылады." Ержан Марат, қала прокурорының орынбасары
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript