Қызылорда облысында биыл "Руханият жылы" атап өтілмек
Өткен аптадағы кеңейтілген мәжілісте Мемлекет басшысының "Адал адам" концепциясы аясында барлық елді мекендегі клубтар мен мәдениет үйлерінде "Адал адам" рухани-мәдени орталықтары ашылатыны айтылды.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл орталықтарда отаншылдық, нағыз маман болу, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Былтыр Қызылорда қаласында "Анаға тағзым" орталығы, "Отбасы орталығы" өз қызметін бастады. "Шірік-Рабат Сақ жауынгері" мен "Сығанақ ханшайымының" мүсіндері облыстық музейге тапсырылды. Халқымыздың жыл басы және жаңару айы – Наурыздан бастап Сыр өңірінде биылғы жылды "Руханият жылы" деп жариялаймыз", – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Былтыр өнер және әдебиет өкілдеріне "Тұран" арнайы сыйлығы табысталды. Желтоқсан айында елордада Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері жоғары деңгейде өткізілді.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алдағы сәуір айында өнер күндері Алматы қаласында ұйымдастырылмақ.
Жақында 1000 орындық "Өнер орталығы" қызметін бастайды.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Барлық ауданда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар, ардагерлер мен аналар үйі орналасатын "Руханият" орталықтары салынады.