Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 10:00 Сурет: akorda.kz
2024 жылғы 6 ақпанда сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасындағы хабарламада белгілі болды.

"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа премьер-министрдің кандидатурасы депутаттарға келісім беру үшін ұсынылады", - делінген ресми хабарламада.

2024 жылы 5 ақпанда Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Премьер-министр міндетін уақытша Роман Скляр атқарады. "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" тиісті қаулы Ақорда сайтында жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: