Тоқаев жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Президент, парламент мәжілісінің жиыны, премьер-министр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2022 09:38 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінің отырысына қатысып, жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Бүгін сағат 11.15-те мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды.Берік Уәли

Жиынды "Хабар24" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: