Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 14:49 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға "Amanat" партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, "Respublica" партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: