Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк Қазақстанда қандай банкноттардың жиі қолдан жасалатынын айтты

2023 жылы анықталған жалған ақша белгілері туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 16:45 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2023 жылы 649 100 теңгеге барабар 181 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 179-ы – банкнота, екеуі – монета, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банктың мәліметінше, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 53,7%-ға аз (1 237 250 теңгеге барабар 391 жалған ақша белгісі).

Жалған ақша белгілерінің номиналдарына жасалған талдау жұмыстарынан мына банкноталардың қолдан көп жасалатыны белгілі болды: 5000 теңге – 68 дана (жалпы анықталған жалған ақша санының 37,6%-ы), 2 000 теңге – 58 дана (32%).

2023 жылы анықталған жалған ақша белгілері туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 16:45

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Қолдан жасалған ақшалардың көп мөлшері Алматы қаласы мен Алматы облысында анықталды – 124 дана немесе жалпы санының 68,5%-ы. Қалған өңірлерде 57 дана немесе жалпы санының 31,5%-ы.

Қазақстанда жалған банкноталар көбіне компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдану арқылы жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар визуалды қорғаныш элементтерін мейілінше ұқсатып жасауға тырысады.

Қазақстанда жалған банкноталар көбіне компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдану арқылы жасалады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 16:45

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Қазақстанда жалған банкноталар көбіне компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдану арқылы жасалады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 16:45

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Жалған ақшаны түпнұсқадан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратпен ҚҰБ-тың ресми сайтында немесе ҚҰБ-тың YouTube-тегі ресми аккаунтында танысуға болады., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 16:45

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Жалған ақшаны түпнұсқадан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратпен ҚҰБ-тың ресми сайтында немесе ҚҰБ-тың YouTube-тегі ресми аккаунтында танысуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: