Жаңалықтар тізбегі
0

Солтүстік Қазақстан облысында 1,7 миллиард теңгеге заңсыз балабақша салынбақ болған

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары сомасы 1,9 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалуына жол бермеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2024 15:11 Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілерін анықтады. Жергілікті шенеуніктер бюджеттік 1,7 млрд теңгеге заңсыз балабақша салмақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бюджет қаражатының жұмсалуын талдау шеңберінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталды.

"Облыс әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының лауазымды тұлғалары "Мемлекеттік сатып алу және сәулет-қала құрылысы қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұза отырып, жер учаскесіне құқықтарын анықтайтын құжаттарсыз 1,7 млрд теңгеге балабақшаның құрылысына мемлекеттік сатып алулар жүргізген."Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Тағы бір жағдайда, Қызылжар, Уәлиханов аудандары әкімдіктерінің лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына қайшы, ашық конкурстың орнына баға ұсыныстарын сұрау арқылы 107 миллион теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға әрекеттенген.

"Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар аудандарының әкімдіктері тауардың сапа сертификаттарының болуы туралы талаптарды белгілемей, 148 млн.теңге сомасына спорттық ойын алаңдарын сатып алу үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды."Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.

Жалпы, жыл басынан бері прокурорлар бұл салада 8 мемлекеттік сатып алуды жойып, нәтижесінде 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатының жұмсалуына жол бермеді.

Бюджет қаражатын жұмсау мәселесі қадағалау органының бақылауында.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: