Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетау мектептерінде наркодиспансерлік есепте тұрған күзетшілер жұмыс істеп келген

мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2024 17:10 Сурет: pixabay
Көкшетау прокуратурасы Ақмола облысының полиция департаментімен бірге ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында "Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы" диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрған күзетшілер анықталды.

"Күзетшілердің өздеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде басқа да бұзушылықтар, сондай-ақ оларды күзетші ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын баптар бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды". Ақмола облысының прокуратурасы

Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетаудың прокуратурасы уәкілетті органға кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту және қызметкерлерді мектептерді қорғаудан шеттету мақсатында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: