Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында балалар лагерінен жұмыс істеп тұрған сауна анықталды

Балалар лагері, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2023 10:13 Сурет: freepik
Қостанай облысының прокуратурасы балалар лагерьлерінің қызметінде кешенді тексерулер жүргізді. Тексеріс балалардың құқықтарын қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және санитарлық салауаттылық саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелерін қамтыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала тексеру нәтижелері жаға ұстатарлық:

"Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша балалар лагерлерінде жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен тамақ өнімдері, перспективалық мәзірдің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеуі, балалар лагерінің аумағында балалар үшін жарақат алу қаупі бар аймақтардың болуы, шайындыларды зерттеу нәтижелері ішек таяқшасы тобының бактерияларын көрсетті. Балалар лагерьлерінің бірінің әкімшілік бөлмесінде спирттік ішімдіктер табылды", делінген Қостанай облысы прокуратурасының есебінде.

Сонымен қатар, балалар лагерінің территоиясында бильярд үстелі, сауна және киім ауыстыратын орны бар бөлмелер табылды.

Прокурорлар тексеруді жалғастыруда, барлық анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: