Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтарға қалың қар жауып, аяз болатыны ескертілді

Алматылықтарға қалың қар жауып, аяз болатыны ескертілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2024 15:15 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, алдағы үш күнде қалада ауа райы нашарлайды. Қалада қалада қалың қар жауып, жолдарда көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды үндеу жасады.

Алматыда биіктігі 20 сантиметрге дейін қалың қар жауады деп күтілуде

"Дүйсенбі күні - 12 ақпанда сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін Алматыда биіктігі 20 см-ге дейін қалың қар жауады деп күтілуде, бұл ақпан айындағы орташа айлық жауын-шашынның шамамен 40%- ын құрайды. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері толық дайындыққа келтірілді. Көше-жол желілерінен қар шығару жұмыстары аяқталды. Қысқы кезеңде барлығы 226 мың м3 қар шығарылды." Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

12 ақпан күні таңертең күшейтілген арнайы техника қар тазалауға шығады деп жоспарлануда, қарды тазалауға 600 бірлікке дейін техника және 1220 жол жұмысшысы жұмылдырылатын болады.

Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында, қар жауатын негізгі магистральдық көшелерді көктайғаққа қарсы сұйық реагентпен алдын ала өңдеу жоспарлануда. Дислокация орындарында қар жауғанға дейін 172 құм таратқыштың кезекшілігі ұйымдастырылады, көктайғақты болдырмау үшін қала көшелеріне көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Жауған қарды тазарту үшін 15 колонна ұйымдастырылады, олармен бірге жол полициясының патрульдік машиналары еріп жүреді.


Тротуарларды, жалпы пайдаланылатын орындарды, кіреберістерді тазалау үшін әлеуметтік маңызы бар объектілерге 176 шағын көлемді техника бірлігі тартылатын болады. Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: