Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда ретсіз жол таңбалары жүргізушілерді жаңылдыруда

Таразда ретсіз жол таңбалары жүргізушілерді жаңылдыруда, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2024 16:17 Сурет: pixabay
Тараздың негізгі көшелерінде жол таңбаларын сызу талаптары сақталмай отыр. Осылай деген көлік жүргізушілер екі жолақты тиым салу сызықтары төрт қатар болып түскенін айтады.

Әсіресе қаланың қақ орталығындағы қос жолақты таңбалар бейберекет сызылған. Тұрғындар екі жолақты жолдардың ережеге сай болмауын жаңасы төселіп, ескісі жойылмағаннан деп отыр.

Сондықтан сызықтардың саны көбейген. Ал бұл көлік иелерін жиі шатастырады, деп жазады qazaqstan.tv.

Жүргізушілер жол үстінде қай бағытқа бұрылу керектігін түсінбей қалатынын айтады. Әсіресе жаңбырлы күндері ескі мен жаңа таңбаны айыру қиын.

"Екі жолақты қабат сызылғаннан кейін, қандай да болсын қарапайым халыққа қиындау туады. 45 жылдан бері жүргізуші болсақ та біздің өзіміз ондай кезде қателесіп, жаза басып қалсақ айыппұл дейді." Қуан Төлегенов, қала тұрғыны

Ал әкімшілік полиция басқармасы жол таңбаларына қатысты техникалық талаптардың бұзылғанын жоққа шығармады. Олқылыққа жол берген Тараз қаласы әкімдігі дейді. Өйткені қала билігі 2 жылдан бері жол таңбаларын жаңарта алмай отыр. Сызықтардың уақытылы сызылмауына тендерге түскен компаниялардың бір-бірімен соттасуы себеп. Салдарынан жол белгілеріне қатысты ақаулар пайда болған. Бұлай жалғаса берсе, алда қала әкімінің өзіне әкімшілік айыппұл салынады. Жалпы Таразда 1445 көше 56 мың шаршы метр жол таңбаларымен қамтылған.

"29 тексеріс жүргіздік. Соның ішінде 615 ақау табылды. Оның 8 нұсқамасы орындалды, әлі тағы 21 нұсқама орындалған жоқ. Сол себепті біз Тараз қалалық әкімшіліктегі 10 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарттық. 10 АЕК айыппұл салынды." Жайдарбек Құттыбаев, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: