Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе азаматтарын 7 млн теңгеге алдаған күдікті құрықталды

Ақтөбе азаматтарын 7 млн теңгеге алдаған күдікті құрықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2024 16:56 Сурет: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері кәсібін бастамақ болған азаматтарды бірнеше миллион теңгеге алдаған ақтөбелік тұрғынға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қазіргі таңда өңірде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының атын пайдаланып, азаматтарды алдау жағдайлары кездесіп отыр.

Алаяқтар белгілі бір көлемде сыйақыға қордан ірі көлемде өтемсіз несие алып беретінін айтып, тұрғындардың ақшасын заңсыз иеленуде.

Жыл басталғаннан бері полицияға осындай арызбен 7 жәбірленуші жүгінді. Тергеп-тексеру барысында ақтөбелік жігіт өз кәсібін бастамақ болған облыс тұрғындарын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорынан 5 миллион теңге көлемінде өтемсіз несие алып беретінін айтып алдап, өз "қызметі" үшін олардан алдын ала сыйақы алғаны анықталды.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 7 миллион теңгеден асады. Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ретте, күдікті жігіттің аталған қорға ешбір қатысының жоқ екені анықталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақыра отырып, "Даму" қорының барлық қызметі тегін және цифрланған түрде жүзеге асырылатынын еске салды. Мұндай заңсыз қызметтерді ұсынған адамдарға тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласқан жөн.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: