Алматыда тағы екі маршруттың автобустары жаңартылды
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 9 ақпаннан бастап қала маңына қатынайтын екі маршруттың жылжымалы құрамы жаңартылды. Бұл – "Спорт сарайы – "Пионер" тау курорты" бағытындағы №209 және "Спорт сарайы – Оi-Qaragai тау курорты" бағытындағы № 210 маршрут, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, "Газель" автобустары Yutong маркалы орташа сыйымдылықтағы төмен еденді тоғыз метрлік автобустарға ауыстырылды.
"Автобустар заманауи құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде кондиционер, бейнебақылау және т.б. бар. Жалпы сыйымдылығы - 52 орын, оның ішінде 22 орынға отырып, 29 адамға дейін тұруға болады". Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Автобустардың жоспарлы саны №209 – 2 жылжымалы бірлік, №210 – 5 бірлік. Бұрынғы автобустар парктің резервтік құрамына енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript