Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда тағы екі маршруттағы автобустар жаңартылды

Алматыда тағы екі маршруттағы автобустар жаңартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2024 10:19 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қоғамдық көлікті экологияландыру жұмыстары аясында тағы екі бағыттағы автобустар жаңартылды.

№52 маршрутта орташа дизельді автобустардың орнына "Foton" маркалы сыйымдылығы жоғары газбен жүретін автобустар жүре бастады. Сонымен қатар, автобустардың жолаушылар тасымалына жоспарлы шығуы жұмыс күндері 16-дан 25 бірлікке дейін, демалыс күндері 14-тен 20 бірлікке дейін ұлғайтылды. Соның нәтижесінде жоспарлы аралық жұмыс күндері 11-ден 9 минутқа дейін және демалыс күндері 14-тен 11 минутқа дейін қысқарды.

Сондай-ақ, қала тұрғындарының өтініші бойынша №24 маршрутқа "Yutong" маркалы сыйымдылығы жоғары автобустар шығарылды. "Өжет ш/а -Солтүстік" – "Экобекет" қатынасындағы маршруттағы жылжымалы құрамның саны 12 бірлік, жоспарлы қозғалыс аралығы 15 мин.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа маршрут, оның ішінде 10 қала маңындағы бағыт ұйымдастырып, 50-ге жуық елді мекенді қамтыды. Биыл тағы 600 автобус, 100 троллейбус және электр қуатымен жүретін 100 автобус сатып алу жоспарланып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: