Ақтөбе облысындағы боран кезінде жүкті әйелдер арнаулы техниканың көмегімен ауруханаға жеткізілді
Сурет: видео скрині
Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райы қолайсыз болып тұрған Ақтөбе облысында түсірілген тағы бір видеоны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылар қар құрсауында қалып, ай-күні жетіп отырған үш жүкті әйелді ауылдан ауруханаға жеткізді.
Жүкті әйелдерді ауруханаға құтқарушылар Данарбек Иманғазин, Қаршыга Шүленбаев, Нұржан Жүсіпов, Айқын Оңалбаевтар жеткізген.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 938 адам жылыту пунктілерінде жатқанын хабарлаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript