Қазақстанда 32 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанға 32 градус аяз қайтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2024 13:04 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары Zakon.kz тілшісіне алдағы үш күнге – 2024 жылғы 13 ақпан мен 15 ақпанға дейінгі ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде ауа температурасының құбылуы күтілуде.


"13-14 ақпанда фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, солтүстік облыстарда қатты қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ батыста -5+5°С, солтүстік, орталық шығыс облыстарда -5+2°С дейін көтеріледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Болжам бойынша, 15 ақпанда Қазақстан аумағынан циклон шығады, оның орнын қарсыз арктикалық антициклон алады, ол республиканың солтүстік жартысында аязды қайтарады.

"Елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанға қарай ауа температурасы түнде -22-32°С, күндіз -15-27°С дейін төмендейді деп күтілуде". "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ синоптиктер еліміздің қалған аумағында температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейтінін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: