Қазақстанда ақбөкендерді атуға тағы тыйым салынды
Сурет: wikimedia
12 ақпанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәжіліс алаңында 10 ақпаннан бастап Қазақстанда киіктің популяциясын реттеу тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда киіктердің санын реттеу тоқтатылғанын айтты.
"Отандық ғалымдармен, халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталастан кейін киіктерді ату тоқтатылды.Сонымен қатар, қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады.Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық. " Ерлан Нысанбаев
Министр Қазақстанда реликттік бөкен популяциясының жаңадан көбеюі күтілетінін түсіндірді.
"Былтырғы киік төлінің санын ескере отырып, биыл мамыр айында мұқият егжей-тегжейлі санақ жүргізіледі. Болжам бойынша, 40 пайызға өсті деп айта аламын. Жалпы, төлдеу кезінде, есепке алсақ. Былтырғы киік төлі бойынша популяция шамамен 2,5 – 2,6 миллион бас болады. Сонымен қатар, киік төлі бойынша пессимистік болжамды алсақ та – бұл 30 пайызды құраса, тағы да плюс шамамен 700 – 750 мың бас болады деп күтеміз." Ерлан Нысанбаев
Сондай-ақ Ерлан Нысанбаев келесі жылы бөкендердің санын реттеуді қайта бастауға болатынын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript