Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда екі жыл бұрын егілген 12 мың түп ағаштың тең жартысы қурап қалған

Таразда екі жыл бұрын егілген 12 мың түп ағаштың тең жартысы қурап қалған, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2024 14:18 Сурет: Zakon.kz
Тараздың жасыл-желегіне соңғы 7 жылда күтім жасалмаған. Салдарынан екі жыл бұрын егілген 12 мың түп ағаштың тең жартысы қурап қалған. Ал былтыр отырғызылған 31 мың өскіннің 5 мыңнан астамы жапырақ жаймады.

Осылайша отырғызуына бөлінген 15 млн теңге желге ұшты. Қала билігі мұндай жағдайдың қайталануын жылдар бойы жеткілікті көңіл бөлмеудің салдары дейді.

Бүгінде еліміздегі ең жасыл қала аталатын Таразда 134 мың түп ағаш бар. Бірақ бұл 7 жыл бұрынғы санақтың қортындысы, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан биыл күзде ағаштарды емдеумен қатар, арнайы дендрологиялық санақ жүргізілмек.

Ал фитосанитарлық емдеу шарасы Алматыдағы ботаника институтының көмегімен жүзеге асырылады. Сәуір айында басталатын жұмыстар қыркүйекке дейін жалғасады.

"Осы емдеу шаралары 30-40 млн теңге шамасында деп жоспарлап отырмыз. Осы қаражатты біз алдағы түзетуде қарастырып, фитосанитарлық емдеу шаралары үш кезеңмен өткізіледі. Сол үш кезеңде қандай дәрілерді пайдалану керек. Ол жерде химиялық және органикалық дәрілермен емдеу шараларын жүргізу қажет."Қайрат Исмаил, Тараз қаласы әкімінің орынбасары
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: