Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да полиция жоғалған жасөспірімді іздеп тапты

ШҚО-да полиция жоғалған жасөспірімді іздеп тапты  , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2024 11:29 Сурет: ҚР ІІМ
Өскеменде полиция бөліміне мазасы болмаған қала тұрғыны келіп, оның кәмелет жасына толмаған қызы жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Әйел адам жасөспірімнің жақын жерде тұратын әжесіне баратынын, бірақ аталған мекен-жайға жетпегенін айтқан.

Өз бетінше іздеу шаралары сәтсіз аяқталып, кейіннен қыздың ата-анасы полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Өтінішті қабылдаған тәртіп сақшылары дереу іздеуге кірісіп, жоғалған баланың белгілерімен бағдарларды облыстың барлық полиция бөлімдеріне және барлық сыртта қызмет өткеріп жүрген нарядтарға жіберген.

Бір сағатқа созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде "Буран-20" экипажының қызметкерлері Өскемен қаласы ППБ қызметі инспекторлары Ернар Қадырбаев пен Рүстем Қасымжанов Понтон көпірі ауданында жоғалған баланы тапқанын хабарлаған.

Әжесінің үйіне барар жолда қыз баланың адасып, жол таба алмағаны белгілі болды.

Полицейлер азаматтарға өз балаларына мұқият қарауға және бала немесе жақын туыстары жоғалып кеткен жағдайда, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу "102" нөмірі бойынша полицияға хабарласу керек екенін ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: