Астаналық бухгалтер басшысының 386 млн теңгесін казиноға салып, ұтылып қалған

казино, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2024 17:30 Сурет: pixabay
Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түскен. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кінәлі әйел ЖШС-ның бухгалтері болып жұмыс істеген. Ол мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.

Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған.

Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: