Жаңалықтар тізбегі
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Сәтбаев қаласының әкімін ұстағанын растады

Сәтбаев қаласының әкімі ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2024 12:17 Сурет: gov.kz
Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірдің ұсталғаны рас болып шықты. Zakon.kz тілшісіне ақпаратты бүгін, 2024 жылғы 14 ақпанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Бұған дейін бірқатар қазақстандық Telegram арналары Сәтбаев қаласының әкімі мердігерден 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталғанын жазған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі

Осы ретте Антикор сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келген азаматтарға қайда жүгіну керектігін тағы да еске салды:

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Шапағат Әубәкір 1983 жылы 18 сәуірде дүниеге келген. 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. (экономика мамандығы, экономика бакалавры).

Мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын 2006 жылы "Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып бастаған.

2015-2016 жылдар аралығында "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі қызметін атқарған.

2016 жылдан бастап "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың наурыз айында "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2021 жылдың қазан айында Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Шапағат Әубәкір 2023 жылдың қаңтарында Сәтбаев қаласының әкімі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: