Астанада заңсыз такси қызметін көрсеткендерге айыппұл салынды
Сурет: polisia.kz
Астанада заңсыз такси қызметімен айналысып жүрген азаматтар анықталды. Алдымен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 4799 жүргізуші жолдағы қауіпсіздікті қадағалаған полицейлердің назарына іліккен.
Құжаттар мен мән-жайды тексеру барысында олардың 7-уі заңсыз таксист болып шыққан.
Арасында "Шевроле Нексия" автокөлігін тізгіндеген 18 жастағы жүргізуші де бар. Еш жерде такси қызметін атқарушы болып тіркелмеген ол енді 55 380 теңге айыппұл төлеуі мүмкін.
"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шара аясында 444 көлік жүргізушісінің жолаушылар мен жүк тасымалы ережелерін бұзғаны анықталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript