Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында полиция Қызыл кітапқа енген жануарды атып алған тұрғынды ұстады

Жамбыл облысында полиция Қызыл кітапқа енген жануарды атып алған тұрғынды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2024 16:00 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында "Сапсан" жедел қызметі инспекторларымен бірлесіп, браконьерлік жасады деген күдікпен Талас ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол тұрып жатқан құмды аймақтағы шаруа қожалығын тексеру барысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының ұшасы, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы қару табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда заңсыз аң аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.

Жамбыл облысының полиция департаменті осы жылдың 1-29 ақпаны аралығында аймақта "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын хабарлайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: