Жаңалықтар тізбегі
0

"Тиолайн" компаниясы иелерінің бірі ұсталды

Виктор Долгалев, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2024 17:25 Сурет: pixabay
2024 жылғы 3 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің қызметкерлері "Тиолайн" компаниясының иелерінің бірі Виктор Долгалевті жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот санкциясымен ол қамауға алынды. Қылмыстық іс одан әрі тергеу үшін ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жіберілді.

Сондай-ақ, Виктор Долгалевке қатысты аса ірі көлемде кіріс алу арқылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылғы наурыз айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі компанияның 38 млрд теңгеге қаржылық және инвестициялық міндеттемелерін орындамауына байланысты "Обуховское" кен орнында жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатқан.

Жоғарғы Сот құзіретті органның іс-қимылдарының заңдылығын растады.

"Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 маусымында сот шешімімен Долгалевке "Тиолайн" компаниясының мүлкін басқаруға тыйым салынды. Осыған қарамастан, Долгалев өзінің бақылауындағы құрылымдар арқылы заңсыз тау-кен өндірісін жалғастырып, Қытайға және басқа елдерге сұр схемалар бойынша экспорттаған. Тек үш жыл ішінде (2021-2023 жж.) 113 мың тоннаға жуық кен экспортталды. Маманның қорытындысы бойынша қылмыстық табыстың жалпы сомасы 26 млрд теңгеден асты. Бұл қаражатқа еншілес тұлғалар арқылы кен орнына іргелес жатқан 7,5 мыңға жуық гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынып, ол жерде де заңсыз кен өндіру жүргізілген". Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, 2 млрд теңгеге бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерден жалтару фактілері анықталды.

Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: