Шерзат Полаттың әкесі ұсталды

Шерзат Полаттың әкесі ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2024 17:59 Сурет: pexels
Алматы облысының полиция департаментінің қызметкерлері бүгін, 2024 жылғы 10 желтоқсанда 16 жастағы Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz .

Кеше, 9 желтоқсанда Талғардың шетінен Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 30 жастағы Нұрғанат Ғайыпбаев асылып өлген. Кейінірек Алматы облыстық полиция департаменті 16 жастағы жасөспірімнің ағасының өлерінен бұрын жазған хатын жариялады.

"Бүгін сағат 15:30-да Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға орын алды.Азамат Н., прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді.Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады". Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

"Полиция жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастыруда және азаматтарды сабырлы болуға шақырады.Азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз және жалған мәліметтерді тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз", - делінген хабарламада.

2024 жылғы 4 қазанда Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергеу жүріп жатыр, 11 күдікті қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: