Шерзат Полаттың әкесі ауруханаға жеткізілді

Шерзат Полаттың әкесі ауруханаға жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2024 07:00 Сурет: primeminister.kz
Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов 16 жастағы Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасында Қаржаубай Нұрымовтың жанында оның адвокаттары бар.

Полиция Қаржаубай Нұрымовқа қатысты әкімшілік іс қозғалғанын айтты.

9 желтоқсанда Талғардың шетінен Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 30 жастағы Нұрғанат Ғайыпбаев асылып өлген. Кейінірек Алматы облыстық полиция департаменті 16 жастағы жасөспірімнің ағасының өлерінен бұрын жазған хатын жариялады.

Сот-медициналық сараптаманың алдын-ала болжамы бойынша, 30 жастағы ер адамның мәйіті өзін-өзі асу арқылы механикалық асфиксия нәтижесінде болғанын көрсетті.

Алматы облысының полиция департаментінің қызметкерлері 2024 жылғы 10 желтоқсанда Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстады. Полиция оның жерлеу рәсімі кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға қауіп төндіргенін хабарлады.

2024 жылғы 4 қазанда Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергеу жүріп жатыр, 11 күдікті қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: