16 ақпандағы түскі саудада доллар аздап өсті

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2024 15:57 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,49 теңгеге қымбаттап, 448,68 теңгені құрағанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайда 2024 жылдың 12-16 ақпаны аралығындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда-саттық болған жоқ.

Ұлттық банк еуроның бағамын 480,81 теңге, рубльді 4,88 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449,7-451,3 теңгеге, еуро 484-487 теңгеге, ресей рублі 4,87-4,95 теңгеге сатылуда.

Ал 16 ақпандағы аукционда әлемдік баға әртүрлі бағытта өзгерді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында сәуірдегі Brent фьючерстерінің құны 0,17%-ға төмендеп, барреліне $82,72 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің наурыз айындағы бағасы 0,04%-ға өсіп, барреліне 78,06 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: