19 ақпандағы түскі саудада доллар өсті
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,26 теңгеге көтеріліп, 450,14 теңгені құрағанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 62,39 теңге болды.
Ұлттық банк еуроның бағамын 483 теңге, рубльді 4,85 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 449,7-451,7 теңгеге, еуро 485,5-489,5 теңгеге, ресей рублі 4,85-4,97 теңгеге сатылуда.
Ал 19 ақпандағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында сәуірдегі Brent фьючерстерінің құны 0,74%-ға төмендеп, барреліне $82,85 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері сәуір айындағы фьючерстері 0,70%-ға арзандап, барреліне 77,91 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript