Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда энергетикалық дағдарыс болып жатыр

Өзбекстанда энергетикалық дағдарыс болып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2024 13:48 Сурет: pixabay
Өзбекстанда көліктерге газ құю стансалары жұмысын уақытша тоқтатты. Электр қуатын таратуға да шектеу енгізілді.

Бұған себеп – ауа райының қолайсыздығы. Сондай-ақ Ташкентте араға бес жыл салып жылу мен ыстық судың бағасы көтерілмек, деп жазады qazaqstan.tv.

Күн райы күрт бұзылып, елдің көптеген аймағына қалың қар түсті. Ал Бұхара облысында қатты дауыл тұрып, жоғары кернеулі желілерде апат болған. Салдарынан "Газли" газ өңдеу зауытына қарасты станцияда онға тарта қондырғы істен шықты. Қосымша желілер арқылы жарық беру жалғасып жатыр, дегенмен, қуат көзі әлі де жеткіліксіз.

"Газ қысымы төмендеп кеткендіктен, бірінші кезекте тұрғын үйлер мен бюджеттік нысандарды табиғи газбен қамтамасыз етуге басымдық берілді. Көліктерге газ толтыратын барлық стансалардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Электр қуатына 220 мегаватт шектеу енгізілді." Хасан Ташхужаев, энергетика министрлігі ақпарат қызметінің басшысы

Электр желілерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Газ қондырғыларын кезең-кезеңімен іске қосу қолға алынған. Соңғы мәліметке сай, аймақтарда 15 мыңдай тұтынушы жарықсыз отыр. Ел астанасы Ташкентте де жағдай күрделі. Энергиялық ресурстарды барынша үнемдеу жайы басты назарда. Бұған қоса жылу мен ыстық су тарифі көтерілгелі жатыр.

"Тұрғындар үшін жылу мен ыстық су тарифі 15 процентке көтеріледі. 1 гигакалория үшін 105 мың 754 сумды құрайды. Бұл сома бұған дейін 91мың 960 сум болған. Айта кетейік, жеке тұлғалар үшін тарифтер 2019 жылдан бері көтерілген жоқ." Арсен Погосов, "Veolia Energy Tashkent" компаниясының өкілі

Қалалық әкімдік тарифтер осы жылыту маусымы аяқталған соң артады деп хабарлады. Ақпанның соңына қарай басталған суық күндер елді біраз абдыратып тастады. Желілерге шектен тыс жүктеме түсіп, апаттар жиі орын алып жатыр. Бір тәуліктің ішінде қатты жел мен қалың қардан электр мен газ тарату жүйелерінде 12 ақау анықталып, қалпына келтірілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: